«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-ЗАМАН ТАЛАБЫ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында АТҚ-23/11 тобының жетекшісі Ж.Каликованың ұйымдастыруымен «Құқықтық сауаттылық-заман талабы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Шараның мақсаты-білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Тақырып аясында топ жетекшісі Ж.Каликова студенттерді азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білуге, құқықтық дауларды шешудің тиімділігін, құқық қорғау органдарына сенімділіктің артуын, қоғамдағы теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды.