«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес валеология пәнінің оқытушысы Г.Рахманбердидің ұйымдастырумен денсаулық саласы мамандарының қатысуымен «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Шара барысында Қазалы теміржол емханасының гинекологы А.Ахметова «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, ерте жүктіліктің алдын алу, қорғану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Колледжішілік «Кәусар» қыздар кеңесінің төрайымы М.Жакипова мен колледж мейіркеші А.Айман қазіргі таңдағы ерте жүктіліктің алдын алу, қазақ қызының бойындағы өнегелік, ізгілік қасиеттер туралы айтты. Кеш барысында білім алушылар мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.