«САНАЛЫ ҰРПАҚ-КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес ІІ курс студенттерінің ата-аналарымен «Саналы ұрпақ-кемел келешек кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Шара барысында колледж директоры Б.Ахметов Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс, топтық төбелестің алдын алуға бағытталған профилактикалық бірлескен шаралардың қадамдық жұмыс жоспарына сәйкес ата-аналар қауымына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.