ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЕЛ ҚОРҒАНЫ-ЕР ЖАНҚОЖА»

«ЕЛ ҚОРҒАНЫ-ЕР ЖАНҚОЖА»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кітапханашы С.Сугурованың ұйымдастыруымен  «Оқуға кұштар колледж» іс-шаралар жоспарына сәйкес Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығына орай «Ел қорғаны-ер Жанқожа» такырыбында ауызша журнал өткізілді.  Мақсаты-елінің шекарасын кеудесімен қорғаған батыр баба Ер Жанқожаның жеңімпаздық жолын, елі мен жерін қорғауда ерен ерлік үлгісін көрсеткен батыр бабаны  насихаттау, жас ұрпақты  отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, батыр бабаның ерлігін мадақтау. Ауызша журналдын бірінші парағынан «Жанқожа батырдың» өмірбаяны, екінші парағы «Жанқожа батырдың» өмірі мен ерлігі жайлы шығарылған кітаптарға арналса, үшінші парағынан кітапсүйер оқырмандар Жанқожа бабаның кесенесі туралы мәлімет алды.


13 маусым 2024 ж. 0