ҚКТЖК » Жаңалықтар » «РӘМІЗДЕР-ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ»

«РӘМІЗДЕР-ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде кешенді тәрбие жоспарына сәйкес 4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күніне орай тарих пәнінің оқытушысы М.Раймбердиевтің ұйымдастыруымен «Рәміздер-елдігімнің белгісі» тақырыбында таным сағаты өткізілді. Мақсаты-студенттерге өз Отанын сүюге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шара барысында колледж кітапханашысы С.Сугурова  білім алушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығын, қайтпас қайсарлығын, ұлттық құндылықтарын насихаттады және тақырып аясында бейнекөріністер көрсетілді.   




04 маусым 2024 ж. 4