ҚКТЖК » Жаңалықтар » ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

23 мамыр күні Арал индустриалды техникалық колледжінде, үстел теннисінен Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім саласының үздігі, Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі Қосымов Жеңіс Сембіұлын еске алуға арналған облыстық жарыс болып өтті. Жарысқа Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Қазалы көлік-техникалық колледжінің командасы (құрамында: А.Ақтілеуов, Д.Копболсынов,Н.Ерғабыл) жалпы есеппен жүлделі 3 орынды иеленді. Д.Копболсыновқа «Үздік шабуылшы» номинациясы берілді. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!








 

24 май 2024 ж. 0