ҰЛЫ ДАЛА ЖАС САРБАЗЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ІІІ курс студенттерімен көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары туралы жиын өтті. Шара барысында Әйтеке би кентінің орынбасары Т.Құлмұратов кәмелет жасқа толған жастардың әскери борышын өтеуге жіберу күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін айтса, Қазалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру және әскерден тыс бөлімінің қызметкері А.Маратұлы хабарлама жасап, 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылушы жастарды, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және әскери қызмет етудің маңыздылығын насихаттау шараларын күшейту жөнінде нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.