АУДАНДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС.
1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Қазалы аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің жоспарына сәйкес “Жас Арал өрендері” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен колледж студенттері арасында сайыс болып өтті. Шара барысында студенттер 4 кезең бойынша бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша колледж студенттерінен құралған “Теміржолшылар” тобы /жетекшісі З.Ақмырза/ жүлделі І орынды иеленсе, “Үздік талпыныс” номинациясы бойынша Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің І курс студенті Лепес Аслан марапатталды. Шара соңында жеңімпаз топтар марапатталып, сый-сияпаттар табысталды.