27 СӘУІР-«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАНЫ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі ұжымы Мемлекет басшысының «Жасыл Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған 27 сәуір-«Жасыл аймақ» экологиялық науқанына белсенді қатысуда. Колледж ауласында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілді. Туған жердің тазалығы, көркейіп, гүлденуі-баршаға ортақ. Сондықтан, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына әрбір аудан тұрғыны атсалысуы тиіс. Ұжым қызметкерлері Я.Михайлюк пен Қ.Ерімбет көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды туған жеріміз бен қоршаған ортаны аялауға шақырды.