ВЕЙПКЕ ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ.
Көптен бері қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген вейпке президент араласып заңға қол қойды. Қазір жасөспірімдер ВЕЙП сататын, оны қайта толтырып беретін дүкендер, супермаркеттер көп, студенттер мен оқушылар да вейптің жетегінде жүр. Арнайы заң болмаған соң, бұған дейінгі біздің түсіндірме жұмысымызға құлақ аспай жүргендер енді заңмен жауапқа тартылатын болды. Әрбір жастың денсаулығы, сапалы білім алуы бәріміздің міндетіміз. Ата-аналар да жастардың бос уақыттарын пайдалы іске бағытталуын қамтамасыз ету керек!