ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі ұжымы  «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған Сыр өңіріндегі «Таза Қазақстан-таза аймақ» экологиялық науқанына белсенді қатысуда. Колледж ауласында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштарды көктемгі қырқу, әктеу, сыртқы қоршауларды бояу, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Туған жердің тазалығы, көркейіп, гүлденуі-баршаға ортақ. Сондықтан санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына әрбір аудан тұрғыны атсалысуы тиіс. Тіршіліктің түлеп өсуіне  нәр, жер бетіне көрік берген табиғатымызды аялай білейік!



19 сәуір 2024 ж. 4