«КӘСІБИ БАҒДАР-2024»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын» басшылыққа ала отырып, 2024-2025 оқу жылына оқушылар қабылдау мақсатында директордың оқу ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары С.Нұралы, орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.Алибекова мен арнайы пән оқытушысы Л.Түктібаевалар Әйтеке би кентіндегі №266 мектепте «Екі жақты мекеме арасындығы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы» келісім шарт негізінде мектептің 9 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтарды таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.