ҚКТЖК » Жаңалықтар » ОҚУШЫЛАРҒА «КӘСІБИ БАҒДАР-2024»

ОҚУШЫЛАРҒА «КӘСІБИ БАҒДАР-2024»

  Қазіргі таңда мектеп оқушылары негізгі білімнен соң кәсіптік білім алуға кең құлаш жаюда. Сан мамандықтың қыр-сырын түсіндіруде колледж ұстаздары да талмай жұмыс атқаруда. Соның айғағы, бүгін Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының ақпараттық технология орынбасары М.Ахай, арнайы пән оқытушысы Қ.Әмірханов және орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.Әлібекова Төретам қыстағындағы №296, №80 мектептерінде оқушылармен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жұмысшы мамандықтарының ерекшеліктері, оқу кезінде берілетін мемлекеттік жеңілдік түрлері  таныстырылды. Ниет білдірген оқушыларға дербес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


11 сәуір 2024 ж. 1