«МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының ақпараттық технология жөніндегі орынбасары М.Ахай және пән оқытушысы А.Қонақбай Ақай,Төретам елді мекендеріндегі және Байқоңыр қаласындағы 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Мектептің бейінді оқыту жұмыстарының қызметкерлерімен тығыз байланыстың арқасында оқушылар колледжде даярланатын мамандықтар туралы мәліметтермен (брошюра,колледж сайты,колледждің әлеуметтік желілері) толық таныстырылды.Талапкерлердің қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.