«КӘСІБИ БАҒДАР-2024»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын» басшылыққа ала отырып, 2024-2025 оқу жылына оқушылар қабылдау мақсатында химия пәнінің оқытушысы Н.Избан мен дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.Мендалиевалар Әйтеке би кентіндегі №276 мектепте «Екі жақты мекеме арасындығы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы» келісім шарт негізінде 9 сынып оқушыларына колледжде оқытылатын мамандықтарды таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.