ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ФУТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ"

"ФУТБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің оқытушысы А. Мендалиева дене тәрбиесі пәнінен ЛЖС-22/9 тобына «Футбол ойынының техникалық және тактикалық әрекеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға спортпен шұғылдану адам өмірінің денсаулығына маңызы өте зор екенін жеткізу. Футбол ойынында қолданылатын техникалық және тактикалық әдістерді меңгерту.                                     Сабақ барысында білім алушылармен жалпы  дамыту және арнайы жаттығулар жасалып, футбол ойынының шығу тарихы туралы білімдері нақтыланды. Футбол ойынының әдіс-тәсілдері мен техникасын меңгерту мақсатында допты тебу, допты алып жүру, допты тартып алу,допты тоқтату әдістері кеңінен қолданылды. Сабақ өз мақсатына жетті.




08 сәуір 2024 ж. 2