ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 4 сәуір – Халықаралық интернет күніне орай ЭЖС-23/9 «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі» тобының топ жетекшісі Сартай Айгүл Бауыржанқызының ұйымдастырумен «Қауіпсіз интернет» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Студенттерді Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты білімдерін нығайту, тиянақтау. Интернет туралы толық ой қалыптастыру, студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы мәліметтер беріліп, бейнетаспалар ұсынылды.