«ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР» РЕЙД.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, қараусыздық пен панағалаусыздықты болдырмау мақсатында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің инженер-педагогтары кестеге сәйкес «Түнгі қаладағы балалар» рейдіне шықты. Кезекшілік кезінде педагогтар қауымы аудан орталығындағы жасөспірімдер көп шоғырланатын ойын-сауық орындарын, компьютерлік ойынханалар мен ойын алаңдарын аралады.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдер және ата-аналары немесе қамқоршыларына түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруге тыйым салынғаны жөнінде ата–аналарға, жасөспірімдерге түсінік жұмыстары жүргізілді.