"БҰХАРАЛЫҚ СПОРТТЫ НАСИХАТТАУШЫ"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Айжан Мендалиева білім беру саласына қосқан елеулі үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар бұхаралық спортты насихаттауға белсене араласқаны үшін Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы А.Есжановтың, Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасы Г.Есқалиеваның Алғысымен марапатталды. Әріптесімізге спорт саласындағы еңбектеріне табыс тілейміз!