ҚКТЖК » Жаңалықтар » 20 НАУРЫЗ-«ҰЛТТЫҚ СПОРТ» КҮНІ

20 НАУРЫЗ-«ҰЛТТЫҚ СПОРТ» КҮНІ

   Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 22 наурыз-Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау және дәріптеу мақсатында  Наурызнама онкүндігіне орай 20 наурыз-ұлттық спорт күні аталып өтті. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық шарада  ұлттық ойындарымыз дәріптеліп, жеңімпаз студенттер «Қошқар көтеру» бойынша М.Ізбасаров, «Гир көтеру» бойынша А.Құлшар, «Ләңгі тебу» бойынша М.Мамай, «Қол күрес» бойынша А.Уәлилер салалары бойынша анықталды. Аталған спорттық ойындарға 150-ге жуық студент қатысып, нәтижесінде  аталған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар және колледж кәсіподақ комитетінің жүлдесі табысталды.



20 наурыз 2024 ж. 6