ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Күзембаева Гүлнар Алпысбайқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Қазақстанның болашағы жас өрендерге білім беріп, елінің қамын ойлайтын елжанды ұрпақ тәрбиелеуде өз үлесіңізді қосқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің еңбекке деген жалынды жігеріңіз бен педагогикалық тәжірибеңіз әділетті Қазақстанның адал азаматтарын тәрбиелеуде үлкен әсерін тигізетіні сөзсіз.Ұрпақ тәрбиесі жолындағы еңбегіңізге сәттілік, деніңізге саулық тілейміз!