"ӘРБІР МҮМКІНДІГІҢІЗГЕ «ИӘ» ДЕҢІЗ ..." ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДОДАСЫ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде нақты ғылым бірлестігінің ұйымдастыруымен “Нақты ғылым-дүние кілті бүгінде” атты апталықтың аясында оқытушылардың қатысуымен "Әрбір мүмкіндігіңізге «иә» деңіз ..." интеллектуалды додасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқытушылардың танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру. Іс-шара қаржылық сауаттылықты дамыту мақсатында ойын түрінде жүргізілді. Ойынға 6 оқытушы қатысты. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Серік Ержанұлы қорытынды сөз сөйлеп, оқытушыларды жүлделі орындармен марапаттады.