ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ҚЫЗЫҚ ЕКЕН" ТОПАРАЛЫҚ САЙЫСЫ

"ҚЫЗЫҚ ЕКЕН" ТОПАРАЛЫҚ САЙЫСЫ

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде нақты ғылым бірлестігінің ұйымдастыруымен “Нақты ғылым-дүние кілті бүгінде” атты апталықтың аясында физика пәнінен "Қызық екен" топаралық сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты:  студенттердің білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Көрермендер арасынан сайысқа қатысушылар сұрақ қою арқылы іріктеліп, жеребе бойынша 2 топқа бөлінді. Сайыс қызықты ұяшық және қорытынды кезең бойынша жүргізілді. Көрермендерге қызықты логикалық сұрақтар қойылды. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Серік Ержанұлы қорытынды сөз сөйлеп, білім алушыларды марапаттады.



11 наурыз 2024 ж. 9