“АНА-ӨМІР ШУАҒЫ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аналарымыздың құрметіне орай кешенді тәрбие жоспарына сәйкес Л.Шыныбаева мен Р.Шыныбаевалардың ұйымдастыруымен "Ана-өмір шуағы" атты таным сағаты өткізілді. Шараның мақсаты-білім алушыларға аналарды, қыздар қауымын құрметтеуге, сыйлауға, барында бағалауға тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында студенттер аналарына өлең арнап, өз жылы лебіздерін білдірді және тақырып аясында ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды. Шараны директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Алпысбайқызы қорытындылап, аналарымыз бен қырмызыдай құлпырған қыздар қауымына мерекелік құттықтауын жеткізді.