ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024»

«ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2024 жылдың 08 ақпан күні теміржол мамандықтары бойынша «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024» колледжішілік студенттер байқауының І туры басталды. Колледжішілік байқау  ережеге сәйкес төмендегі  турлар бойынша белгіленген уақытта өткізіледі. 

    І кезең-тест тапсырмасы, уақыты: 08 ақпан, 2024 жыл;

    ІІ кезең-практикалық тапсырма, уақыты: 15 ақпан, 2024 жыл;

    ІІІ кезең-практикалық тапсырма, уақыты: 22 ақпан,  2024 жыл.

Жалпы байқауға 07160500-«Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», 07160600-«Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», 07130100-«Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)», 07140700-«Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша 31 студент қатысып, тест тапсырмасын classtime.com платформасында орындады. 

Комиссияның шешіміне сәйкес «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2024» колледжішілік байқауының ІІ турына 22 студент жолдама алды. 

Тест тапсырмасынан жоғары ұпай жинап, ІІ турға жолдама алған студенттерімізді құттықтап, сәттілік тілейміз!


08 ақпан 2024 ж. 6