ҚКТЖК » Жаңалықтар » АВТОМАТТЫ БЛОКТАУ ЖҮЙЕСІ

АВТОМАТТЫ БЛОКТАУ ЖҮЙЕСІ

Қазалы көлік-техникалық   жоғары колледжінде «ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕМІР ЖОЛ ДАМУЫНЫҢ АЙНАСЫ» атты апталықтың аясында  өндірістік оқу шебері Ерімбетов Қуандық  СОБ-22/9  «СОБ электромонтері» тобына  өндірістік оқудан «Автоматты блоктау жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақтың мақсаты: Қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып станциядағы және перегондағы поездар қозғалысын реттеу және басқару. 

Ашық сабақта интерактивтік панель бойынша слайд көрсетіліп, Worldwall платформасы арқылы жаңа сабақ бекітілді. Студенттер білімі «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланды. Сабақ өз мақсатына жетті. 







07 ақпан 2024 ж. 28