ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЛУДОМАНИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ»

«ЛУДОМАНИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ»

Лудомания-адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойынқұмарлық. Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің инженер-педагогтары «Өрлеу-РК» оқу орталығының  2024 жылғы 5 қаңтардағы  №22-11/ЖЛ және Облыстық білім басқармасының ағымдағы жылдың 15 қаңтарындағы №07-16/181 санды хатына сәйкес «Білім беру саласындағы лудомания» тақырыбында семинарға қатысты. Мақсаты-қоғамда кеңінен өріс алған  лудоманияның алдын алу, құмар ойындары мен компьютерлік ойындардың таралуын азайту және педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру. Семинарды ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева әріптестерге «Лудомания және оның алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, қатысушыларға сертификат табыстады.




05 ақпан 2024 ж. 83