МАМАНДЫҚ-ІСКЕРЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН ЕҢБЕК
30 қаңтар күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Сигнал беру және станция шаруашылығы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕМІРЖОЛ ДАМУЫНЫҢ АЙНАСЫ» атты апталық аясында арнаулы пән оқытушысы Тажимуратова Бақытгүл «МАМАНДЫҚ-ІСКЕРЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕТІН ЕҢБЕК» тақырыбында танымдық кеш өткізді.
Мақсаты:
- Стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты теміржол стансасының кезекшісі мамандарының жұмысын дәріптеу;
- Станса жұмысын технологиялық үрдіс негізінде тиімді ұйымдастыру;
- Еңбектің озық әдістемелерін енгізу және оны кең көлемде дамыту;
- Қызмет көрсетуде техникалық жабдықтарды дұрыс қолдану;
- Шұғыл басқаруды қамтамасыз ету.
Танымдық кешті колледж әдіскері Г.Сарсенбаева қортындылады.