«ҰЛ БАЛА-ҰЛТ ҚОРҒАНЫ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде І-ІІ курс ер балалары арасында қазақ халқының ер бала тәрбиесіне деген көзқарасын талқылау, оның өзіндік ерекшеліктерін, қиындықтары мен жақсы жақтарын психологиялық тұрғыдан қарастыру, қазіргі таңдағы ер балалардың бейнесін талдау және салауаттандыру мақсатында тәрбие жөніндегі орынбасары мен психологтың бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес «Ұл бала-ұлт қорғаны» тақырыбында Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының уролог дәрігері Б.Наршабаевтың қатысуымен әңгімелесу сағаты болып өтті. Шара барысында білім алушылар маманға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.