“КӨҢІЛДІ УАҚЫТ” ТРЕНИНГІ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде колледж педагог-психологы А.Таңжановтың ұйымдастыруымен үзіліс кезінде студенттермен бірге "Көңілді уақыт" тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты-студенттердің көңіл-күйлерін көтеру, бір-бірімен таныстығын арттыру. Тренинг барысында студенттермен әр түрлі ситуациялық жағдаяттар қойылып, психологиялық жаттығулар жасап, ойындар ойнатылды. Тренинг соңында студенттердің тілектері тыңдалып, ұсыныс пікірлері қаперге алынды.