ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің әдіскері Г.Сарсенбаева мен шет тілі пәнінің оқытушысы А.Ерсайын   «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі» техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Заманауи білім беру жүйесі: идеялар, тәжірибелер, ізденістер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.  Конференция барысында «Білім беру жүйесін цифрландыру: тәжірибе мен перспективалар» бағыты бойынша оқылған баяндамалары үздік деп бағаланып, әріптестеріміз Г.Сараманқызы мен А.Болатқызы дипломдармен марапатталды. Колледж әкімшілігі атынан әріптестерімізді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

21 желтоқсан 2023 ж. 8