ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
“Анаға тағзым" орталығында аналарымыздың бүгінгі күнге дейінгі өнегелі, тартысты да табысты ғұмырын мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінде өзіндік орны ерекше жазушы Ә. Кекілбаевтың шығармаларындағы қазақ әйелінің бейнесі арқылы таныту мақсатында "Ой-қазына" алаңы жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Жазушы шығармашылығындағы ұлттық құндылықтар олардың бүгінгі көрінісі туралы қатысушылар арасында пайымдық деңгейде ой айту оқырмандық қызығушылықты арттыру тәрізді қабілеттерін дамытып, өзіндік пікірлерін еркін айта білді. Шара барысында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі қыздарынан құралған “Асыл аналар” тобы қатысып, жеңіс төрінен көрінді. Шараны Қорқыт ата атындағы университеттің доценті А.Айтбаева қорытындылап, Ә.Кекілбаев шығармаларының философиялық иірімдеріне тоқталып, жас оқырмандардың қадамдарына сәттіліктер тіледі. Ой-қазына алаңында дараланған І курс студенттері Н.Боранбайқызы, Д.Жолбарыс пен Н.Боранбайқызына /жетекшісі Г.Күзембаева/ Алғыс хатпен марапатталды.