«ЕСІРТКІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ҚАУІПТІЛІГІ»
ҚАЗАЛЫ КӨЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЕСІРТКІ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ, ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС ІІ-ІІІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ НАРКОЛОГ ДӘРІГЕРІ Б. ТЛЕУМБЕТОВПЕН КЕЗДЕСІП, «ЕСІРТКІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ҚАУІПТІЛІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ТЫҢДАП ҚАЙТТЫ. ДӘРІСТІҢ МАҚСАТЫ-СТУДЕНТТЕРГЕ НАШАҚОРЛЫҚ, АРАҚ, ТЕМЕКІ СИЯҚТЫ ЗИЯНДЫ ӘРЕКЕТТЕРДІҢ БОЛДЫРМАУ, АЛДЫН АЛУҒА ТӘРБИЕЛЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАМАН ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ, ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДАН БАРЫНША АУЛАҚ БОЛУҒА ШАҚЫРУ.
КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДА КОЛЛЕДЖ МЕЙІРКЕШІ А.АЙМАН, КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ А.ТАҢЖАНОВ, ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ М. ЖАЛҒАСБАЕВАЛАРҒА СТУДЕНТТЕР ТАРАПЫНАН СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛЫП, ҮН ПАРАҚТАР ТАРАТЫЛДЫ.