“ӨМІРДІҢ ЕКІ ТІРЕГІ: ҮЙРЕНУДЕН ЖАЛЫҚПАУ, ҮЙРЕТУДЕН АЯНБАУ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Еселі еңбек-ел ертеңінің кепілі» атты қызмет көрсету мамандықтарының онкүндігі аясында арнайы пән оқытушысы Л.Туктыбаева мен өндірістік оқу шебері Б.Ержанның ұйымдастыруымен «Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау» атты шебер сынып болып өтті. Шебер сыныптың мақсаты-ұстаздарға қазіргі заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау. Шебер сыныпта сергіту сәті, кинолента, QR кодпен буклет, студенттерді бағалау, жаңаша кері байланыс түрлері, “Canva”, “Quis Wizard”, “Umaigra”, “Flippity.net”, “Quisterra” платформаларын сабақ барысында қолдану әдісі кеңінен көрсетілді.