ҚКТЖК » Жаңалықтар » “ҚЫЗЫҚТЫ КӨҢІЛ-СТУДЕНТТІК ӨМІР”

“ҚЫЗЫҚТЫ КӨҢІЛ-СТУДЕНТТІК ӨМІР”

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 17 қараша-Халықаралық студенттер күніне орай "Қызықты көңіл-студенттік өмір" атты мерекелік кеш болып өтті. Кештің мақсаты-Студенттер күнінің шығу тарихын түсіндіре келе, жастардың келешек өмірде білімді, білікті маман болып қалыптастыру. Кеш барысында колледж директоры Б.Ахметов студенттерді мерекелерімен құттықтап, арнайы студенттік билеттер мен Алғыс хаттар табыстады. Кеште керемет өлеңдер оқылып, көңілді әндер айтылып,билер биленіп,студенттердің би кешімен тәмамдалды. Кешке колледжіміздің жас мұғалімдері белсендік танытып,іс-шараның жақсы өтуіне атсалысты.



17 қараша 2023 ж. 7