“20 ҚАРАША-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЛАЛАР КҮНІ”
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес "Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау" тақырыбында СОБ-22/9 тобының жетекшісі А.Медеубаеваның ұйымдастыруымен тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: студенттерге зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту, оның адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру және жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу.