«ҚОҒАМ ЖӘНЕ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ»
Қызылорда облысының білім басқармасының 28.09.2023 жылғы №03-13/4249 санды хатына және «Сенімен болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігімен 2022 жылы бекітілген ынтымамақтастық меморандумына сәйкес кәмелетке толмағандардың жыныстык тиiспеушілік сипатындағы зорлық-зомбылық және ерте жүктіліктің алдын алу максатында 2023 жылдың 10 карашасы күні денсаулық саласы мамандарының қатысуымен «Қоғам және қыз тәрбиесі» тақырыбында денсаулық сағаты болып өтті.
Шара барысында Қазалы ауданаралық ауруханасы «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының гинекологы А.Жәдігер «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыса, Қазалы теміржол емханасының гинекологы А.Ахметова, “Болат жолы” дәрігерлік амбулаториясының психологы Г.Жанайбекова мен Қазалы аудандық жастар орталығының мейіркеші М.Сағымбаевалар қазақ қызының бойындағы әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік т.б. туралы және қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылық, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.