«БАЛА ТӘРБИЕСІ-ИГІЛІКТІ ІС»
Қызылорда облысының білім басқармасының 28.09.2023 жылғы №03-13/4249 санды хатына және «Сенімен болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігімен 2022 жылы бекітілген ынтымамақтастық меморандумына сәйкес «Ата-аналар үшін ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында қандай сақтық шаралар қабылау қажеттілігі» тақырыбында 2023 жылдың 3 карашасы күні сала мамандарының қатысуымен ата-аналармен семинар болып өтті.
Шара барысында Қазалы ауданаралық ауруханасы «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының гинекологы А.Жәдігер мен Қазалы теміржол емханасының гинекологы Ғ.Шағырбаевалар «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Қазалы ауданаралық ауруханасы «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының психологы Г.Жанайбекова жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында кеңестерімен бөліссе, Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ның аға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүмыстарға тоқталды. Ат-аналар бөлімше мамандарына көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
Сала мамандары қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрлерімізге сай әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін дамыта білуге және жастармен жасөспірімдер арасындағы оның ішінде қыз балаларға қатысты зорлы-зомбылық, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.