«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорлауды болдырмау бағытында колледж студенттерімен «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг» тақырыбында түсіндірме сағаты өтті.
Студенттерге қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында интернетте, әлеуметтік желілерден сақтану жолдары туралы тақырып аясында колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Kүзембаева баяндама ұсынып, студенттерге ақпарат беріліп, презентация /видеокөрініс/ арқылы таныстырылды және колледж педагог-психологы А.Таңжанов студенттердің тақырып аясында ой-өрісін анықтау мақсатында тренинг ұйымдастырды.