ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ЕСІРТКІ-АДАМНЫҢ ҚАСЫ, АУРУДЫҢ БАСЫ"

"ЕСІРТКІ-АДАМНЫҢ ҚАСЫ, АУРУДЫҢ БАСЫ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Облыстық білім басқармасының 02.10.2023 жылғы  №07-16/4297 санды және ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі №16-1-16-3/5575-И хатына сәйкес 2023-2025 жылдарға арналған Нашақорлыққа қарсы күрестің Кешенді жоспарының 44-тармағына сәйкес білім алушылар арасында нашақорлық профилактикасын жандандыру мақсатында валеология пәнінің оқытушысы Н.Дүйсембаеваның  ұйымдастырумен «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» атты дәріс сабағы өткізілді. Мақсаты-жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын түсіндіру, студенттердің зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру және денесін шыңдауға, таза да әдемі болуға тәрбиелеу болып табылады. Шара барысында  студенттерге «Есірткі-адамзаттың соры» бейнебаяны көрсетіліп, ситуациялық сұрақтар қойылды.  Дәріс сағатына колледж мейіркеші А.Айман, колледж психологы А.Танжанов және директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қатысып, тақырып төңірегінде ой өрбітті.


26 қазан 2023 ж. 11