«ҚАЗАҚСТАН-МЕНІҢ ОТАНЫМ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 25 қазан-Республика күніне орай «Қазақстаным-кең байтақ Отаным» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты- жастарды өз Отанын сүюге, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Колледж кітапханашысы С.Сугурова білім алушыларды кітап көрмесімен таныстырып, Еліміздің Отан болып қалыптасуында халқымыздың даналығын, қайтпас қайсарлығын, Қазақстан халқының достығын, төзімділігін, жеткен жетістігін, ұлттық құндылықтарын насихаттады. Көрме барысында «Қайта оралды қазағыма Республика күні» атты видеоролик көрсетілді.