Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
2018 жылдың 11 мамыр күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде салауатты өмір салтын кабинетінің маман дәрігері Айман Құлақмет, теміржол ауруханасының аймақтық терапевт дәрігері Перизат Сейдахметтің қатысуымен кездесу өткізілді. Колледж мейіркеші Айман Ақмарал «Темекі тартқаның өзіңді құртқаның» тақырыбында баяндама жасады. Айман Құлақмет студенттерге алкогольді ішімдіктер туралы айтса, Перизат Сейдахмет есірткі заттарының зияны туралы мағлұмат берді. Кездесу барысында студенттерге түрлі анкеталық сұрақтар қойылып, сергіткіш ойындар ойналды.