ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Ұстаз-ұлы тұлға»

«Ұстаз-ұлы тұлға»

4 қазан күні Қазалы көлік техникалық жоғары колледжінде АҚТ-23/11-1 «Ақпараттық қауіпсіздік технигі» тобының жетекшісі Л.У.Туктыбаеваның ұйымдастыруымен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуді студенттердің бойына дарыту. Колледждің тәжірибелі ұстаздарынан сұхбат алған студенттер көп нәрсені ойларына түйді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Тәрбие сағатына қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Күзембаева өз ойларымен бөлісті.




04 қазан 2023 ж. 1