КӘСІБИ БАҒДАР-2023
Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Д.Тілеуімбетовтің 07.06.23 жылғы №1/3-9/1550 санды хатына орай «Жастар керуені» жобасының Әйтеке би кенті мен ауылдық округтер бойынша іс-шаралар бағдарламасына сәйкес “Tulga bol” жастарды әлеуметтендіруге бағытталған республикалық жылжымалы жәрмеңке өтті. Колледждің инженер-педагогтары мен студенттері ҚР Білім және ғылым министрінің №578 бұйрығы негізінде 2023-2024 оқу жылына мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу және оқушылар қабылдау мақсатында жәрмеңкеге қатысып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.