"БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ!"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 маусым-Балаларды қорғау күні мерекесіне орай ұжым мүшелерінің балаларына колледж кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен "Бақытты балалық шақ!" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шараға колледж директоры Б. Ахметов, ата-аналар және көпбалалы отбасылар шақырылды. Бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап лебізін білдірген колледж басшысы 1 қызметкердің баласына облыстық кәсіподақ төрағасы Г. Б. Есқалиеваның құттықтауын және сый-сыяпатын табыстады. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге ойыншық, сыйлықтар мен балмұздақ, тәттілер таратылды.