«Жаратылыс сыры – ғылымда!»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2-10 мамыр аралығында «Жаратылыс сыры – ғылымда! »тақырыбында нақты ғылымдар пәндерінің апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты: Нақты ғылым пәндеріне ғылыми тұрғыдан түсінік бере отырып, өмірмен, тұрмыстық техникамен және мамандықпен байланыстыра отырып, студент тердің қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, апталықта алған білімдері мен іскерліктерін өмірде қолдана білуге үйрету . «Жаратылыстану – өмір тану, табиғаттың сырын табу!» демекші , колледж студенттері , колледждің әдістемелік кеңес жоспарына сәйкес өткізілген апталық барысында, ашық сабақтар мен қызықты іс- шаралардың , танымдық ойындар мен тәжірибе алмасу алаңының куәсі болды. Апталықтың ашылу салтанатында, студенттеріміз нақты ғылымдар үйірмелеріне арналған стенді мен көрмелер, макеттер мен коллекцияларды тамашалай отырып , пәндер бойынша жасырылған сұрақтарға лезде жауап беру арқылы өз білімдерін сынады. Сонымен қатар , апталық барысында Сапаев Жанарыстың «Векторлар арасындағы бұрыш. Векторлардың скаляр көбейтіндісі», Каликова Жанардың «Призма және оның элементтері», Избан Нұрсұлудың «Күрделі эфирлер. Майлар және синтетикалық жуғыш заттар» тақырыбында ашық сабақтары және 1курс студенттері арасында «Химия әлемінде » топаралық танымдық сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысымен СОБ -22/9 тобының студенттері жеңіске жетті. « Жаратылыстан үйренбеген – жасампаз атанбас!» - демекші, апталықта өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсеткен жасампаз студенттеріміз: СОБ – 22/9 тобының студенттері - Рашидь Асель,Өмірбай Аружан,Сайлаубай Аяжан, ЭЖС – 22/9 тобы студенттері -Аманжол. Азамат, Дастенов. Еркебұлан, Ашықбай.Қолқанат, Шатай Нұрдәулеттер апталықта өз белсенділіктерін танытты.Аталған білім алушылар колледж басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.