ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шара жоспарына сәйкес 13 сәуірде кəмелет жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж педагогтарынан құрылған кезекшілер жастар көп шоғырланатын орындарда, түнгі клубтар мен ойын-сауық орталықтарында, аудан көшелерінде түнгі рейд жұмыстарын жүргізуде.
Рейд барысында түнгі уақытта аудан орталығында заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерге ескертулер беріліп, түсіндірме жұмыстары жасалды.