ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ДЕНІ САУ ҰЛТ-ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ"

"ДЕНІ САУ ҰЛТ-ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын тиімді іске асыру шеңберінде 7 сәуір-«Дүниежүзілік денсаулық күні» аясында «Дені сау ұлт-қоғам байлығы» тақырыбында қыздармен таным сағаты болып өтті. Шара барысында Қазалы  аудандық жастар денсаулығы бөлімінің дәрігері Ә.Алиева студенттерге қыз балалардың гигиенасы, ерте жүктіліктің алдын алуға тоқталады, колледжішілік "Кәусар" қыздар ұйымының жетекшісі М.Жакипова мен "Саналы ұрпақ" клубының жетекшісі Г.Досекеева қыз баланың қоғамдағы рөлі туралы айтты.

"BIRGE: TAZA QAZAQSTAN" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ.

Әйтеке би кентінде "Birge: Taza Qazaqstan" экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді.  Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі студенттері экологиялық акцияға ұйымшылдықпен қатысып, көктемгі көркейту-көгалдандыру жұмыстарында белсенділік танытты. Ерікті студенттер вокзал маңындағы айналма жол жиектеріне тал көшеттерін отырғызды.


07 сәуір 2023 ж. 6