7 СӘУІР-ЕРЛІК КҮНІ.
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 7 сәуір-Ерлік күніне орай Тәжік-Ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күніне орай колледж кітапханашысы С.Сугурованың ұйымдастыруымен «Ерлікке мәңгі тағзым!» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті. Студенттерге ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғаның бірі-әлемді дүр сілкіндірген Ауған соғысы туралы тың деректер айтылып, Ауған соғысы туралы бейнефильмдер ұсынылды.
Қасіретін көзбен көрген жалғанның,
Көкірегінде мәңгілікке қалған мұң.
Алдарыңда бас иеміз тағзым қып,
Соғысында қан кешкендер Ауғанның!