ҚКТЖК » Жаңалықтар » "ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ-2023"

"ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ-2023"

Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өткізілді.

Турнирдің мақсаты мен міндеті:

Ойыншылардың бойындағы азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. 

Турнирге 13 фракция қатысып, 4 фракция білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және номинациялармен марапатталды.

Турнир барысында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі студенттерінен құралған "Теміржолшылар" фракциясы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Додада колледж намысын қорғаған студенттеріміз Оразғали Бекарыс пен Жанғали Дианаға сәттілік тілейміз!


24 наурыз 2023 ж. 3